Қоғам

Яна Легкодимованы өлтіргендер жазасын өтеуге әлі жіберілмеген

Алтынбек Катимов пен Ризуан Хайржанов өмір бойына сотталған/фото:instagram.com/legkodimova_,

Яна Легкодимованы өлтірген Алтынбек Қатимов пен Ризуан Хайржанов әлі күнге дейін Атыраудағы тергеу изоляторында отыр. Бұл туралы жергілікті «Ақ Жайық» жазды.

Олар жас қызды өлтіргені үшін өмір бойына сотталған. Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, сотталғандар жазасын өтеуі керек колонияға әлі жіберілмеген.

«Өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар қазір Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторында отыр. Оларды колонияға жеткізу үшін Ұлттық ұлан арнайы қарауыл бөлуге тиіс. Өз тарапымыздан өтініш жолдадық», – деген Атырау облысы ҚАЖ департаментінің бастығы Азамат Ізтлеуов.

Алайда сотталғандардың колонияға нақты қашан жіберілетіні белгісіз.

Яна Легкодимова өлімі

2025 жылы Атырауда 23 жастағы бойжеткенді өлтіргендер өмір бойына сотталды.

Қайғылы жағдай 2024 жылдың 18 қазанында болған. Яна Легкодимова танысының қоңырауынан кейін үйінен шыққан. Тіпті сырт киімін де алмаған. Қызды көлікке отырғаннан кейін ешкім көрмеген.

Дело Яны Легкодимовой: редкие кадры, эксклюзивные интервью и свидетельства

Анасы іссапардан келгеннен кейін бірден дабыл қағып, тергеу барысында полиция қыздың күнделігін тапқан. Ол жерде Р. есімді жігіттің аты аталған. Сол арқылы 24 жастағы Ризуан Хайржанов пен 25 жастағы Алтынбек Қамитовті тапты.

Ризуан Янаны көлік ішінде буындырған. Ал Алтынбек қыз қашып кетпеуі үшін есікті ұстап тұрған. Кейіннен олар Талдыкөл ауылына қарай барып, қыздың мәйітін Жайыққа тастаған.