Lifestyle

«Әр адамның өз жолы бар»: Абай Бегейдің қызы орамалын шешкенін айтты

Абай Бегейдің қызы орамалын шешті / фото: instagram

Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат Абайқызының желідегі парақшасында жазғаны оқырмандарын елең еткізді. Ол өзінің имиджін өзгертіп, орамалын шешуге шешім қабылдағанын ашық айтты.

Сымбат өзінің Instagram парақшасында жариялаған жазбасында жаңалық өзінен бұрын әлеуметтік желідегі түрлі пабликтерде тарап кеткеніне тоқталды. Ол таңдауына түсіністікпен қарауды сұрады:

«Пабликтерге рақмет, менің шешімімді өзімнен бұрын сүйіншілеп хабарлап қойыпты.. Әр адамның өз жолы, өз сынағы бар. Менде өз жолыммен жүріп келе жатқан пендемін. Түсіністік танытып, құрметтеп, қолдап жатқан барша жандарға үлкен рақмет», – деп жазды Сымбат Абайқызы.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды

Сымбаттың шешімі оқырмандар арасында қызу талқыланып жатыр. Пікір білдіргендердің бір бөлігі оны айыптап жатса, екіншілері оның жеке таңдауын қолдайтынын білдірген.

Көптеген оқырман Сымбат жас екенін, оған «хейт» жазудың қажеті жоқтығын айтып жатыр.

«Артық әңгіме керек емес, адам баласы ғой, әлі жап-жас» деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Абай Бегейдің сегізінші баласы дүниеге келген еді.