Астанада өрттен қаза тапқан үш бала жер қойнына тапсырылды

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
жерлеу
Астанада өрттен қаза тапқан үш бала жер қойнына тапсырылды/фото: kursiv.media

Астанада қайғылы жағдайда қаза тапқан үш бала жер қойнына тапсырылды. Бұл туралы бапкер Берік Адам өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бапкер марқұмдардың бірі – Айзере тәрбиеленушісі болғанын айтып, отбасының қайғысына ортақтасты.

«Үш баланың үлкені – Айзеренің ЛФК жаттықтырушысы болдым. Отағасы Қабылқазы бауырымызға және барша жақындарына Алла сабырлық берсін. Жанаргүл ханымға Алла шипасын берсін. Біз үшін орны толмас ауыр қайғы. Балалардың топырағы торқа болсын», – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, 12 сәуірге қараған түні Түркістан көшесіндегі көпқабатты үйдің 15-қабатында орналасқан пәтерден өрт шыққан. Салдарынан үш бала қаза тауып, анасын ауыр деңгейде күйік шалған. Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен әйелдің жағдайы әлі де ауыр екенін мәлім етті.

Оқыс оқиға кезінде көлігін тұрғын үй кешенінің алдына қалдырып кетіп, құтқарушылар жұмысына кедергі келтірген тұрғын жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыз