Астанада құрылыс алаңында мұнаралы кран өртенді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Астанада құрылыс алаңындағы мұнаралы кран өртенді / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Астанада құрылыс алаңында мұнаралы кран өртенді, деп хабарлады ТЖМ. Оқиға Айтматов көшесінің бойында болған.

Әлеуметтік желілерде кран кабинасынан қою қара түтін шығып жатқан видео тарады. Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті. Алғашқы бөлімшелер келген бойда мұнаралы кранның кабинасы өртеніп жатқаны анықталды.

«Өрт сөндірушілер өртті қысқа мерзімде жедел түрде ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады ведомство.

Кадрлардан кабинаны түтін басқанын, кей жерлерде бықсу ошақтары сақталғанын көруге болады. Өрт сөндірушілер биіктікте жұмыс істей отырып, өртті сөндіру шараларын жүргізді.

12 сәуірге қараған түні Астанада Түркістан көшесіндегі көпқабатты үйдің 15-қабатында орналасқан пәтерден шыққан өрт үш баланың өмірін қиған болатын. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері әйел адамды құтқарып қалды, ол қазір жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыз