Lifestyle

Светлана Айтбаева Димаштың болашақ жарына талап қойды

фото: ашық дереккөз

Әлемдік сахнаның жарық жұлдызы Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева келін түсіру, болашақ келініне қойылатын талаптар және жастардың бөлек тұруына қатысты көзқарасын білдірді.

Светлана Айтбаеваның айтуынша, ол үшін ең маңыздысы ұлының бақыты мен екі жастың өзара түсіністігі.

Димаштың өзіне ұнайтын, жанына жақын адам болғаны маңызды. Өнер адамының жұмыс кестесі мен өмір салтын түсінетін серік болса, парасатты, білімді әрі текті жердің қызы болса деген ниеті бар.

«Балаларымның бір-бірін сөзсіз түсініп, сыйласқанын қалаймын. Ақылды, тәрбиелі жар жолықса, ана ретінде менің де бақытым сол», – деді Светлана Айтбаева.

Жастардың бөлек шығуына көзқарасы

Қазіргі заман талабына сай, жастардың бөлек тұруына қатысты сұраққа Светлана Айтбаева өте байыппен жауап берді. Ол заман ағымын түсінетінін, алайда қазақы тәрбиенің жөні бөлек екенін алға тартты.

Қазіргі жастардың оқуы, жұмысы немесе шығармашылық жоспарлары болуы мүмкін. Сондықтан оларды бірге тұруға күштеп міндеттеу дұрыс емес. Дегенмен жаңа түскен келін міндетті түрде үлкен шаңырақтың тәрбиесін көруге тиіс. Ол қара шаңырақтың салт-дәстүрін біліп, ағайын-туыспен танысып, араласуы қажет, – дейді Димаштың анасы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген отбасы құруға қатысты сұраққа өзі жауап берген еді.