Үш айда Ұлттық қордан алынған ақша түскен қаржыдан асып кетті

2026 жылдың І тоқсанында Ұлттық қорға 784 млрд теңге түсім түскен. Есесіне осы үш айда республикалық бюджетке трансферт ретінде 800 млрд теңге бөлінді. Яғни қордан алынған қаржы түскен ақшадан асып кетті.
Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.
Қазақстанның жалпы халықаралық резерві наурыздың соңында 129,5 млрд долларды құраған.
Жамаубаевтың айтуынша, Ұлттық Банктің алтын-валюта резерві 67,2 млрд долларға дейін артқан. Алайда Ұлттық қордың активтері 2,5%-ке азайып, 62,3 млрд доллар болды.
«Бірінші тоқсанда Қорға келіп түсетін түсімдер 184 млрд теңге, ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін трансферт көлемі 800 млрд теңгені құрады», – деді министр.
Бұған дейін Қаржы министрі Мәди Такиев доллардың арзандауы ел бюджетіне кері әсер етіп, қаржы аз түскенін айтқан.