Әбілқасымова банктер 5%-бен ипотека беруі мүмкін екенін айтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Әбілқасымова төмен пайызбен ипотека беруге қатысты сұраққа жауап берді / Фото: Shutterstock

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова коммерциялық банктер Отбасы банк секілді 5%-дан басталатын мөлшерлемемен ипотека беруі мүмкін екенін айтты. Сөзінше, Freedom Bank-тен кейін басқа банктер де бұл бастамаға қосыла алады.

«Банктерге тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесіне қатысуға рұқсат берілді. Бұған басқа банктер де қатыса алады. Мысалы, Freedom Bank азаматтардың депозитін тартып, қажет сома жиналағаннан кейін төмен мөлшерлемемен ипотека беретінін мәлімдеді», – деді Әбілқасымова.

Айта кетейік, 19 наурыздан коммерциялық банктерге де тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесіне қатысуға рұқсат берілген.

«Freedom Bank осы жүйеге белсенді түрде қатысатынын ресми түрде мәлімдеймін. Бастапқы жарнасы 30 пайыздан басталып, пайыздық мөлшерлеме 5 және 10 пайыз болатын ипотека бере алатымызға сенімдімін. Бұл бағдарламаны серіктестеріміздің көмегінсіз жүзеге асыра алмайтын едік», – деді Freedom Bank директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.

Жаңа заңнама аясында жүзеге асатын бұл бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі жылына 5-10% аралығында болмақ. 5 пайыздық ипотека аясында депозиттегі жинаққа 2%-дан бастап сыйақы төленеді, ал үй алуға жетпеген соманы аралық қарыз ретінде 7%-бен алуға болады.

Екінші бағыт – 10 пайыздық ипотека. Мұнда үй құнының 30%-ы көлемінде бастапқы жарна құю міндетті. Бұл ретте салынған депозит жинағына банк 7% мөлшерінде сыйақы төлейді.

Сондай-ақ оқыңыз