Астанада 13 бағыт бойынша қосымша автобустар жолға шықты
Жарияланды

Бүгін 15 сәуірден бастап, Астанада 6 қалалық және 7 экспресс-маршрутқа қосымша 37 автобус қосылды. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) компаниясы хабарлады.
Жаңа автобустардың келуі күту уақытын қысқартып, жолаушылар үшін сапарды жайлы ете түспек.
Қалалық бағыттардағы өзгерістер:
- №63 бағыт: 22 автобус (бұрын 19 болған);
- №67 бағыт: 15 автобус (бұрын 10 болған);
- №74 бағыт: 15 автобус (бұрын 10 болған);
- №76 бағыт: 8 автобус (бұрын 5 болған);
- №82 бағыт: 15 автобус (бұрын 10 болған);
- №83 бағыт: 8 автобус (бұрын 6 болған).
Экспресс-бағыттардағы өзгерістер:
- №501, 502, 503, 505 бағыттары: әрқайсысына 12 автобустан бөлінді (бұрын 10-нан болатын);
- №506, 507, 508 бағыттары: әрқайсысына 10 автобустан бөлінді (бұрын 8-ден болатын).
«Маршруттардағы автобустар санын көбейту күту уақытын азайтуға және тасымал сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті CTS өкілдері.