Lifestyle

Баянсұлу Сағындықова мен композитор Қуат Әбіл келісімге келді

фото: видеодан скрин
фото: видеодан скрин

Bayansulu лақап атымен танылған әнші Баянсұлу Сағындықова мен композитор Қуат Әбіл арасындағы дау-дамай шешімін тапты.

Әнші мен композитор әлеуметтік желіге екеуі түскен видео жариялап, келісімге келгенін айтып берді.

«Баян сұлу қарындасымыздың арасында әнге, әншіге, композиторға байланысты туындаған дауға бүгін нүкте қойдық. Барлығы орнында. Өзара келісімге келдік. Бір-бірімізге өкпе-ренішіміз жоқ. Бір-бірімізбен қол алысайын деп, сіздерге жолдау жолдап жатырмыз. Айып етпеңіздер. Бізбен бірге болғандарыңызға рахмет», – деді Қуат Әбіл.

Ол Баянсұлу  Сағындықоваға әрі қарай табыс тілейтінін жеткізді. Bayansulu да сөз алып, түйіннің тарқатылғанын айтты.

«Бізде бәрі шешілді. Екі жақта да ешқандай қарсылық жоқ.  Болды. Айтарым осы», – деді Баянсұлу.

Мұның алдында әнші мен автор арасында авторлық құқық төңірегіндегі дау туындаған еді. Баянсұлу Сағындықованың репертуарындағы әндердің авторы, композитор Қуат Әбіл ресми мәлімдеме жасап, қаламақы төленбегенін жария еткен. Іс сотқа дейін жеткен еді.