Мектеп бітіру кешін ұйымдастырған оқушыларға мектеп жауап бермейді – депутат

Оқу-ағарту және ішкі істер министрлігі мектеп бітіру кешін ұйымдастыруға болмайтынын мәлімдеді. Алайда түлектер арасында «таңертең аттестат аламыз, кешке мектеп оқушысы емеспіз» деген пікір тараған.
Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова бұрын мектеп директоры болғанын, бұрыннан бітіру кешін өткізуге қарсы екенін айтты.
«Мектеп банкет өткізуді үйретпейді. Күндіз құжат беру рәсімін ұйымдастыруға болады. Ал түнде балаға ата-анасы жауапты. Кей бала кешкі отырыс өткізуге де қарсы. Ал барғысы келетін оқушыларға ата-анасы жауап береді. Заңға сәйкес, оқу орны мектептен тыс уақыттағы әрекетке жауап бермейді», – дейді депутат Смирнова.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласы Алмалы аудандында орналасқан Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназияның түлектері мектеп кешіне 200 мың теңгеден ақша жинаған.