«Мұғалім тойхана күзетіп тұрмауы керек»: Аймағамбетов мектеп бітіру кеші туралы айтты
Жарияланды

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мектеп бітіру кешін ұйымдастыруға қатысты пікір білдірді. Сөзінше, кеш ұйымдастыруға жыл сайын тыйым салынады.
«…Мұғалімдерді жегіп қоймау қажет. Баяғыдан қалыптасқан үрдіс бар: ата-ана кеш ұйымдастырып жатыр ма деп мұғалімдерді жазда тойхана күзеткізіп қоятын. Мұғалім түнгі сағат 12-де баланың артынан тойхана күзетіп жүрмеуі керек. Мұндай шешімді бұған дейінгі министрлер де қабылдаған», – дейді депутат.
Бұған дейін депутат Ирина Смирнова мектеп бітіру кешін ұйымдастырғандар үшін оқу орны жауап бермейтінін айтты.
Айта кетейік, оқу-ағарту және ішкі істер министрлігі мектеп бітіру кешін ұйымдастыруға болмайтынын мәлімдеді.