
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мектеп бітіру кешін ұйымдастыруға қатысты пікір білдірді. Сөзінше, кеш ұйымдастыруға жыл сайын тыйым салынады.
«…Мұғалімдерді жегіп қоймау қажет. Баяғыдан қалыптасқан үрдіс бар: ата-ана кеш ұйымдастырып жатыр ма деп мұғалімдерді жазда тойхана күзеткізіп қоятын. Мұғалім түнгі сағат 12-де баланың артынан тойхана күзетіп жүрмеуі керек. Мұндай шешімді бұған дейінгі министрлер де қабылдаған», – дейді депутат.
Бұған дейін депутат Ирина Смирнова мектеп бітіру кешін ұйымдастырғандар үшін оқу орны жауап бермейтінін айтты.
Айта кетейік, оқу-ағарту және ішкі істер министрлігі мектеп бітіру кешін ұйымдастыруға болмайтынын мәлімдеді.