Тоқаев БАӘ басшысына қолдау хатын жолдады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Тоқаев БАӘ басшысына қолдау хатын жолдады / Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға арнайы хат жолдап, Таяу Шығыстағы қазіргі күрделі ахуалға байланысты қолдауы мен тілектестігін білдірді.

Тоқаев өз хатында шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның тегеурінді, парасатты әрі көреген басшылығының арқасында БАӘ кез келген қауіп-қатерді еңсеріп, өзінің қарқынды стратегиялық даму бағдарын жалғастыра беретініне зор сенім білдірген.

Қазақстан президенті ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізудің ең сенімді құралы – дипломатия мен сындарлы диалог екенін тағы да қадап айтты.

Бұл қадам екі мемлекет арасындағы жоғары деңгейдегі өзара сенімді растайды.

Жолдау Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері халықтарының арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық сипаты мен шынайы бауырластық қарым-қатынасының айқын көрінісі болды.

Сондай-ақ оқыңыз