Түркия 20 жылда Қазақстан экономикасына 6 млрд доллар инвестиция салды

2025 жылы экономикаға шамамен 390 млн доллар түрік инвестициясы тартылды, ал 20 жыл ішінде бұл сома 6 млрд доллардан асты. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлімдеді.
Түркия – Қазақстанның бес негізгі сауда серіктесінің бірі. Екі ел арасындағы тауар айналымы былтыр 9%-ға артты. Оның ішінде Қазақстан тауарларының экспорт көлемі 17%-дан өсіп, 3,9 млрд долларға жетті.
Қазір құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, металлургия, АӨК өнімдерін терең өңдеу, көлік және логистика, фармацевтика өндірісі, электрондық аспаптар және тағы да басқа салаларда жалпы сомасы 4 млрд доллар болатын 98 инвестициялық жоба іске қосылды. Одан бөлек құны 3,9 млрд долларға тең тағы 50 жоба жүзеге асырылып жатыр.
2025 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалы 6,4 млн тоннаға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 35%-ға артты. Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымал көлемі 4 млн тоннадан асты.
Жалпы, 2026 жылдың үш айында негізгі капиталға салынған жалпы инвестиция көлемі 3,5 трлн теңгені құрап, 6,4%-ға өскен.