Бітіру кешіне байланысты министрлік оқушылар жол апатына түскен оқиғаны еске салды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
мектеп түлектері
Министрлік бітіру кешін ұйымдастыруға тыйым салды/фото: shutterstock

Оқу-ағарту министрлігі оқушыларды мектеп бітіру кештерін өткізбеуге шақырды. Вице-министр Шынар Акпарованың сөзінше, бұл жұмысқа білім басқармалары, мектеп басшылығы мен ата-аналар да қосылуға тиіс.

«Оқушылардың кәмелет жасына толмағаны белгілі. Сол себепті ана-аналарға сенім артамыз. Бала оқыс жағдайға ұшыраса не болады? Былтыр оқушылардың көлік апатына түскенін білеміз. Сол себепті ата-аналар осындай ойын-сауық шараларына тыйым салуды қолдайды деп үміттенемін. Балалар аттестат алғаннан кейін жоғары оқу орындарына түсуге дайындалып, соған көңіл бөлуге тиіс», – деді Акпарова Мәжіліс кулуарында.

Вице-министр кейін ұмытылып кеттін шараға ата-аналар көп қаражат жұмсауы мүмкін екенін де айтып өтті.

Айта кетейік, 2025 жылдың мамырында Жаңаөзенде оқушылар апатқа ұшырады.

2026 жылы оқу-ағарту және ішкі істер министрлігі мектеп бітіру кешін ұйымдастыруға болмайтынын мәлімдеді.  

Сондай-ақ оқыңыз