
2026 жылдың алғашқы үш айында Қазақстанға келген шетел азаматтарының саны елдегі азаматтығы жоқ тұлғалардың санымен теңесті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Көші-қон статистикасы бойынша, жыл басында Қазақстанда 7100 азаматтығы жоқ адам тіркелген. Үш айдың ішінде есепке 120 адам алынып, 142-сі есептен шығарылды, яғни олардың жалпы саны бар болғаны 22 адамға азайған.
Азаматтығы жоқ тұлғалардың көпшілігі Алматы облысы (1,29 мың адам), Алматы қаласы (1,1 мың адам) Жамбыл облысында (775 адам) тұрады. .
Елге келетін көші-қон ағыны әлдеқайда белсенді. Қазір Қазақстанда 243 мыңға жуық шетелдік азамат есепте тұр. 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында 7131 адам келсе, оның 3949-ы – этникалық қазақтар.
Халық көбіне ірі қалаларға көшіп келіп жатыр. Мәселен, үш айдың ішінде Алматыға – 1662, ал Астанаға – 1040 адам қоныс аударған.
Азаматтық алу қарқыны көші-қон ағынының ауқымынан төмен болып отыр. 2026 жылдың наурызында жеңілдетілген тәртіппен 5490 адам азаматтық алса, оның 1677-і балалар. Азаматтық алғандардың шамамен 84%-ы (4603 адам) қандастар.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтығы бар 250-ден астам адам анықталып, 17-сі жазаға тартылған еді.