Енді пәтерінің терезесі ашық қалған ата-аналар айыппұл төлейді

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
терезе
Пәтер терезесі ашық тұрса ата-аналарға айыппұл келеді/ Фото: kursiv.kz

Балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген ата-аналар 20 АЕК, яғни, 86 500 теңге көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін. Сонымен қатар 10 тәулікке дейін қамаққа алынады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Соңғы үш айдың ішінде 8 мыңнан астам ата-ана мен заңды өкіл жауапкершілікке тартылған.

Масаханадан келетін қауіп

Терезелерге қауіпсіздік үшін масаға қарсы торды бекіту балаға үлкен қауіп тудырады. Мұндай тор баланың салмағына есептелмеген және оны ұстап тұра алмайды.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңға сәйкес құрылыс компаниялары жаңа тұрғын үйлерде терезеге құлып орнатуға міндетті.

Бас прокуратура ата-аналарды қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Атап айтқанда:

  • кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмау;
  • жиһазды терезе маңына қоймау;
  • терезелерге арнайы шектеуіштер орнату;
  • баланың терезеге өз бетінше қол жеткізу мүмкіндігін болдырмау.

Айта кетейік, 13 сәуірде Петропавл қаласында 2023 жылы туған сәби көпқабатты үйдің екінші қабатының терезесінен құлап, аман қалған.

Сондай-ақ оқыңыз