Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасында виза алу қашан жеңілдейді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
SMM бөлімінің редакторы
СІМ вице-министрі келіссөздің екі кезеңі артта қалғанын айтты/фото: shutterstock

Сыртқы істер вице-министрі Арман Исетов Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасында визалық режимді жеңілдету мерзіміне қатысты сұраққа жауап берді.

Айтуынша, осы мәселеге қатысты келіссөз жүргізіліп жатыр.

«Виза режимін жеңілдету мәселесі талқыланып жатыр. Жақын арада келісімді түпкілікті аяқтаймыз деп үміттеніп отырмыз. Келіссөз тек бір елге ғана байланысты емес екені белгілі. Біздің еуропалық серіктестеріміздің де ұстанымы бар», – дейді вице-министр.

Айтуынша, министрлік бұл мәселені шешуге барын салып жатыр.

Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келісім бойынша ресми келіссөздерді 2025 жылы бастады.

Сондай-ақ оқыңыз