Павлодардағы әскери бөлімде сарбаз қайтыс болды
Жарияланды

Павлодар қаласындағы әскери бөлімде бір сарбаз қайтыс болды, тағы бірі жарақат алды. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, келісімшарт бойынша әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан.
Салдарынан өзі оқиға орнында қаза тапты, тағы бір келісімшарттағы әскери қызметші жарақат алды.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккен азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Тергеу барысы ІІМ Әскери тергеу департаментінің бақылауында.