Қарағанды-Жезқазған арасында жол салу үшін үкімет 650 млрд теңге қарыз алады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: ашық дереккөзден

«Қарағанды-Жезқазған» автожолын салу үшін Қазақстан 650 млрд теңге қарыз алады. Қазақ делегациясының Вашингтонға ресми сапары кезінде «ҚазАвтоЖол» мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі осындай келісімге қол қойды.

«Жоба көлік инфрақұрылымын дамытуға, транзиттік әлеуетті арттыруға және өңірлердің байланысын жақсартуға арналған. Жаңа жол жүру уақытын едәуір қысқартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және Орталық Қазақстанның дамуына қосымша серпін береді», – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Қазір несие бойынша келісімдер аяқталуға жақын. Қаражат ұзындығы 457 шақырым болатын жол салуға жұмсалады. Автожолды жобалау және құрылысы биыл басталуы тиіс.

Жыл басында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Қарағанды – Жезқазған автожолы халықаралық стандартқа сай болады деп мәлімдеген. Жоспар бойынша, құрылысы мамырда басталуы керек.

Сондай-ақ оқыңыз