Қазақстан Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Иранмен барлық мәмілені тоқтатты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
SMM бөлімінің редакторы
СІМ вице-министрі шығын сомасын айтпады/фото: Фото: REUTERS /Jihed Abidellaoui, бильд-редактор: Дастан Шанай

Сыртқы істер вице-министрі Арман Исетов Таяу Шығыстағы соғыстан қазақстандық кәсіпкерлер қандай шығындарға ұшырап жатқанын айтты. Сөзінше, қазір көптеген бизнес-жоба тоқтап тұр.

«Бізде астық жеткізу, азық-түлік өнімдерін алмасу жобалары болған. Қазір олар тоқтап тұрған болуы мүмкін», – деді Исетов.

Алайда нақты қандай жоба барын айта алмады. Сөзінше, инвестиция көлемі көп болмағандықтан, соғыс салдарынан келген шығын да көп емес.

«Иранмен жақсы әріптестік қатынас болғанын ескерсек, әрине, әсері бар. Алайда қатты әсер еткен жоқ», – деп қорытындылады Арман Исетов.

Бұған дейін Иран өкілі Фатма Мухаджерани АҚШ пен Израиль соққысынан келген залал шамамен 270 млрд долларды құрайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз