«Реал Мадрид» Чемпиондар лигасынан шығып қалды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Острый момент мюнхенского матча у ворот мадридцев (в белом)
Фото: UEFA

16 сәуірге қараған түні Мюнхеннің «Бавариясы» Чемпиондар лигасының 1/4 финалының қарымта матчында мадридтік «Реалды» қабылдады. Мюнхендегі «Альянц Арена» стадионында өткен тартысты кездесу алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Еске сала кетейік, алғашқы ойында да неміс клубы 2:1 есебімен басым түскен болатын.

Бірінші тайм

Ойын қонақтар үшін сәтті басталды. Небәрі 1-минутта «Бавария» қақпашысы Мануэль Нойер пас беруде қателік жіберіп, допты Арда Гюлер іліп кетті. Түрік футболшысы бос қалған қақпаны алыстан дәл көздеп, есеп ашты.

Алайда 5-минутта-ақ мюнхендіктер есепті теңестірді. Йозуа Киммих бұрыштамадан доп асырса, Александар Павлович оны қақпаға бағыттады.

29-минутта «Реал» айып соққысын орындау мүмкіндігін алды. Допқа келген Арда Гюлер«тоғыздықты» дәл көздеп, дубль авторы атанды. Бірақ 9 минуттан соң Харри Кейн Дайо Упамеканоның пасын голға айналдырып, таразы басын қайта теңестірді.

Тайм соңында, 42-минутта Винисиус Жуниордың қапталдан жасаған пасын Килиан Мбаппепайдаланып, қақпашымен жеке шығып, «Реалды» тағы да алға шығарды.

Екінші тайм

Екінші кезеңде ойын тағдыры соңғы минуттарда шешілді.

86-минутта ойынға қосылған Эдуардо Камавинга 7 минут ішінде екі сары қағаз алып, алаңнан қуылды.

90-минутта басымдықты пайдаланған «Бавария» сапынан Луис Диас Джамал Мусиаламен пас алмасып, допты қақпаның оң жақ жоғарғы бұрышына тоғытты. 

94-минутта Харри Кейннің пасынан кейін Майкл Олисе қорғаушының астынан допты шиіре теуіп, есепті 4:3-ке жеткізді.

Жалпы есеп 6:4 (екі ойын қорытындысы бойынша) «Баварияның» пайдасына. Осылайша, мюнхендік клуб Чемпиондар лигасының жартылай финалына жолдама алды. Келесі кезеңде олар франциялық «Пари Сен-Жерменмен» кездесетін болады.

Сондай-ақ оқыңыз