Төрт микроқаржы ұйымы 6,1 млрд теңге салық төлеуден жалтарған
Жарияланды

Төрт микроқаржы ұйымы салықтан жалтару үшін өз жұмыстарында «кепілдік» деп аталатын шарттарды пайдаланған. Нәтижесінде жалпы айналым 55,9 млрд теңгені құрап, ал төленбеген қосылған құн салығының сомасы 6,1 млрд теңгеге жетті.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, тексеру қорытындысын сот органдары растаған.
Сонымен қатар шамамен 26 млрд теңге сомасындағы операциялар (сақтандыру агенттік қызметі шеңберінде) салықтан босатылған деп көрсетілген. Қазір тексеріс жүріп жатыр.
Микроқаржы ұйымдары салықтан тек қарыз беруге байланысты операциялар бойынша босатылады. Басқа қосымша қызметтерден салық төлеуге тиіс.
Айта кетейік, елдегі блогерлерге қатысты салық тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. 600-ден аса блогер 1 млрд теңге салық төлеген.