
Түркияда прокуратура есірткі ісін тергеу аясында атақты тұлғалардан алынған шаш пен қан үлгілерінің сараптама нәтижелерін жариялады, деп хабарлады A Haber телеарнасы.
Мәселен, актер Бурак Дениз, актриса Серра Пиринч және блогер Энес Гюлерден алынған үлгілерден марихуана мен кокаин іздері табылды. Әнші Утку Юнсалдан марихуана, ал әнші Симге Сагыннан дәрілік препараттарға жататын заттар анықталды.
Процессуалдық әрекеттерден кейін фигуранттардың бір бөлігі босатылды. Олардың арасында Хафсанур Санджактутан, Серра Пиринч, Утку Юнсал, Мерт Демир, Эмре Озтюрк және рэпер Norm Ender бар. Бурак Дениз, Элиф Бюшру Пекин, Эмир Джан Игрек, Огюн Алибаш және Энес Гюлер сот бақылауымен босатылды.
Қаңтар айында бұл іс бойынша актер Октай Кайнарджа («Көк бөрілер» / «Долина волков») ұсталған болатын, ал 2025 жылдың қазан айында тергеу материалдарында актрисалар Бирдже Акалай («Қара-ақ махаббат» / «Черно-белая любовь»), Джерен Морай («Өкпелі гүлдер» / «Обиженные цветы») және актер Метин Акдюльгердің («Ғаламат ғасыр. Көсем дәуірі» / «Великолепный век. Империя Кёсем») есімдері аталды. Соңғы айларда фигуранттардың қатарында «Бешикташ» футбол клубының бұрынғы президенті Фикрет Орман, «Галатасарайдың» бұрынғы президенті Бурак Элмас, кәсіпкерлер Хакан және Керим Сабанджи, сондай-ақ модельдер Дидем Сойдан мен Гюзиде Дуранның есімдері аталды.
Айта кетейік, наурызда Түркияда есірткіге қатысты жүргізіліп жатқан тергеу операциясы аясында танымал тұлғаларға қатысты іс қозғалған еді.