Түркияда мектепте тағы атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

15 сәуірде Түркияның оңтүстік-шығысындағы Қахраманмараш өңірінде орналасқан орта мектепте атыс болды. 14 жастағы оқушы тоғыз адамды атып өлтіріп, 13 адамды жаралады.
Reuters мәліметінше, сегізінші сынып оқушысы полиция қызметкері болып істейтін әкесінің тапаншасымен мектепке келген. Ол бесінші сынып оқушылары білім алатын екі сыныпқа кіріп, оқ жаудырған. Соның салдарынан 8 оқушы мен 1 мұғалім қаза тапты.
Жаралғанған 13 адамның алтауының жағдайы ауыр екені хабарланды.
Шабуылдаушы осы оқиғадан соң өз-өзіне оқ атқан. Бұл туралы Қахраманмараш губернаторы Мүкеррем Үнлюер мәлімдеді.
Әлеуметтік желілерде тараған видеолардан оқушылардың екінші қабаттан секіргенін, шабуылдаушының дәлізде оқушыларды атып жатқанын көруге болады. Бұған қоса, мектеп алдына жедел жәрдем көліктері, полиция, халық көп жиналған.
Шабуылдаушының әкесі ұсталды. Оқушы оқ атқан қару әкесінің меншігі болуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, 14 сәуірде Түркияның Шанлыурфа қаласындағы мектепте атыс болған. Бұрын осы мектепте оқыған жасөспірім мылтық алып кіріп, кем дегенде 16 адамды жаралаған. Ол да өз-өзіне оқ атқан.