3 апта бұрын жоғалып кеткен баланың мәйіті Елек өзенінен табылды

17 сәуірде Ақтөбе облысында жоғалып кеткен 4-сынып оқушысының мәйіті Елек өзенінен табылды. Баланы 29 наурыздан бастап іздеген еді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, сүңгуірлер 2016 жылғы баланың мәйітін жағадан шамамен 3 метр қашықтықта, 1,5 метр тереңдікте анықтады.
Оқиғаның мән-жайы
4-сынып оқушысы 29 наурызда үйінен шығып, қайта оралмаған. Іздестіру жұмыстары Сарыжар ауылында ТЖМ, полиция, жергілікті атқарушы органдар, әскери қызметшілер, еріктілер және жергілікті тұрғындардың қатысуымен жүргізілді.
Алғашқы сағаттардан бастап ТЖМ авиациясы үлкен аумақтарды жедел тексеруге кіріскен. Күн сайын сүңгуірлер 30-35 км су айдынын зерттеп, жүзу құралдары арқылы 25-30 км су бетін тексерді. Жаяу топтар 15-20 км жағалау сызығын қарап шықса, ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен 10-15 км аумақ бақылауға алынды.
ТЖМ су айдындары маңында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескерттті. Балаларды судың жанында қараусыз қалдырмаңыз; өзендер мен көлдер маңында ойнауына жол бермеңіз; қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіз; жабдықталмаған жерлерде шомылудан аулақ болыңыз; әсіресе ағыс қатты болған жағдайда аса сақ болыңыз.
Айта кетейік, 2 сәуірде Қарағанды облысы, Абай ауылында жоғалған 14 жастағы бала табылған еді.