Алматыда екі автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
автобус авария Алматы
Алматыда екі автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар / Фото: Видеодан кадр

Алматыда екі қоғамдық автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды өңірлік полиция департаменті.

Полиция мәліметінше, апат бүгін сағат 12:00 шамасында Әуезов ауданында болған. №15 бағыттағы автобустың жүргізушісі Сүлейменов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жандосов көшесінің қиылысында №66 бағыттағы автобуспен соқтығысқан.

Полиция нақтылағандай, екінші автобус сол сәтте Жандосов көшесіне солға бұрылып, жаяу жүргіншілерді өткізу үшін тоқтаған. Соқтығысу салдарынан бірнеше жолаушы медициналық көмекке жүгінді.

Қазіргі уақытта Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейік, наурыз айының соңында Алматыға жақын Боралдай кентіндегі теміржол өткелінде пойыз жолаушылар автобусымен соқтығысып, үш адам зардап шеккен еді.

Сондай-ақ оқыңыз