Енді жұмыссыз жүргендер жұмысқа жаңа тәртіппен алынады

Еңбек министрлігі әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар мен жұмыс тәжірибесі жоқ немесе еңбек өтілінде алты айдан астам үзілісі бар адамдарды жұмысқа қабылдауға басымдық берді.
Министрліктің дерегінше, еңбек нарығын жан-жақты талдаудың нәтижесінде дәл осы топтарға кіретін 93,5 мың адам анықталды. Ал еңбек нарығында жоғары білімі немесе жұмыс тәжірибесі барлар жұмысқа мұқтаж адамдардың тізімнен шығарылды.
Енді мансап орталықтары арнайы ақпараттық панель арқылы басым топтағы барлық үміткерді аты-жөні бойынша көре алады. Жүйе күн сайынғы динамиканы бақылап, азаматқа қандай нақты қолдау шаралары ұсынылғанын тексеруге мүмкіндік береді.
Алайда өңірлердегі сала мамандарының қазіргі жұмыс қарқыны едәуір күшейтуді қажет етеді. Мониторинг деректеріне сәйкес, бүгінгі таңда нысаналы топтағы 93,5 мың адамның ішінен тек 39,8 мың адам ғана жұмыспен қамтылған.
Айта кетейік, жұмыссыз қалған адамдар жоғалған кірістің 45%-ына дейін міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем ала алады.