FlyArystan Ақтаудан Батумиге тікелей рейсті іске қоспақ

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: FlyArystan
фото: FlyArystan

Қазақстандық лоукостер FlyArystan Ақтау – Батуми – Ақтау бағыты бойынша жаңа халықаралық рейстің іске қосылатынын хабарлады.

Рейстер 2026 жылғы 6 маусымда басталып, 29 тамызға дейін ұшады. Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады.

Ұшу кестесі жолаушылар үшін ыңғайлы ұшу және қону уақыттарын ескере отырып жасалған. FS7729 рейсі Ақтаудан сағат 09:05-те ұшып, Батумиге 09:55-те қонады. Кері бағыттағы FS7730 рейсі Батуми қаласынан 10:55-те ұшып, Ақтауға жергілікті уақытпен 13:40-та жетеді.

Әуебилеттерінің құны бір бағытқа 41 000 теңгеден басталады.

Бұған дейін әуекомпания Астанадан Батумиге рейстердің іске қосылатынын хабарлаған болатын.

Айта кететін жайт, FlyArystan жаздың соңына дейін Дубайға рейстерін тоқтатқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз