Freedom супераппта ЖИ агент пайда болады

Freedom экожүйесінің пайдаланушылары үшін сервистерді қолдануды жеңілдететін ЖИ агент іске қосылады. Тұтынушылар Freedom AI сервисін 2026 жылдың екінші жартысында пайдалана алады.
«Курсив» форумы барысында Freedom Bank басқарушы директоры Вячеслав Ким жасанды интеллект негізіндегі Freedom AI көмекшісінің жұмысын таныстырды.
«Бұл жобаны үшінші немесе төртінші тоқсанда іске қосамыз деп үміттенемін. Қазір Freedom AI-ды 15 банктік қызмет пен сервис-серіктестерімізге, соның ішінде азық-түлік жеткізу қызметіне қосып жатырмыз. Ол қазақ және орыс тілдерін бірдей түсінеді», – деді Вячеслав Ким.
Тұсаукесерде Ким көмекшінің көмегімен цифрлық құжаттарға қалай оңай қол жеткізуге болатынын көрсетті. Ол үшін жазбаша немесе дауыстық пәрмен беру жеткілікті.
Сондай-ақ, ЖИ-көмекші Freedom экожүйесіндегі лайфстайл-сервистермен де жұмыс істейді. Мәселен, ЖИ агент санаулы секундта Вячеслав Ким Arbuz.kz интернет-дүкенінен палау пісіруге қажетті өнімдерді тауып берді.
Тауарлар себетке салынғаннан кейін, жүйе картадан геолокацияны автоматты түрде анықтады. Бір батырманы басу арқылы Ким жеткізу ақысын төлеп, кэшбэк алды.