Индонезияда тікұшақ апатқа ұшырап, сегіз адам қаза тапты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Индонезияда тікұшақ таулы аймаққа құлады
фото: REUTERS

Индонезияның Батыс Калимантан провинциясында Airbus H130 тікұшағы апатқа ұшырады. Оның бортында алты жолаушы және экипаждың екі мүшесі болған. Бәрі қаза тапты, деп хабарлайды Reuters.

Индонезия құтқару агенттігінің басшысы Мохаммад Сяфидің айтуынша, тікұшақ 16 сәуірде таңертең Мелави елдімекенінен ұшып шыққан. Ол бес минуттан соң радарлардан жоғалған.

Құтқарушылар тікұшақ қалдықтарын тауып алды. Ұшу аппаратының құйрығы болуы мүмкін темір байланыс үзілген орыннан 3 шақырым жерден табылған. Сяфидің айтуынша, апат таулы өңірде болған.

Жергілікті құтқару қызметі тікұшақ бортындағы сегіз адамның бәрі қаза тапқанын анықтады. Апат себебі анықталып жатыр.

Бұған дейін Kursiv.Media Ресей мен Әзербайжан Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты ортақ мәмілеге келгені туралы жазған.

Сондай-ақ оқыңыз