Жаңалықтар

Инвесторлар қай өңірге қаржы құйып жатыр (Инфографика)

Қай өңірге инвесторлар қаржы салып жатыр / фото: gemini generated

2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 3,46 трлн теңгеге жеткен болатын. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексінің 6,4%-ға өскенін көрсетеді. ҚР ҰСБ деректеріне сүйене отырып, Kursiv Media өңірлердің инвсетициялық жағдайын зерттеді.

Қазақстан өңірлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар

(Млрд теңгемен)

< 100 млрд
100-200 млрд
> 200 млрд
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Түркістан феномені және «Оңтүстік драйверлері»

Осы тоқсанның басты тренді – оңтүстік өңірлердегі инвестициялық бум. Түркістан облысы көлемі жағынан (354,3 млрд тг) екі алып мегаполистен (Астана мен Алматы) кейінгі үшінші орынға шықты.

Өсім қарқыны – 171,2%. Бұл өңірдегі өнеркәсіптік және туристік хабтардың құрылысы белсенді фазаға өткенін аңғартады.

Жамбыл облысы 171,6% рекорд өсім көрсетті. Инвестиция көлемі 218 млрд теңгеден асты. Ал Ұлытау облысы (166,0%) жаңа өндірістік қуат пен тау-кен жобалары есебінен жоғары динамиканы сақтап тұр.

Мегаполистер: Тұрақтылық па, әлде тежелу ме?

Астана мен Алматы қалалары әдеттегідей көлем бойынша көш бастап тұрғанымен, өсім қарқыны республикалық орташа көрсеткіштен төмен:

  • Астана қаласы: 413,7 млрд тг (101,2% өсім) негізінен жылжымайтын мүлік пен инфрақұрылым.
  • Алматы қаласы: 373,7 млрд тг (102,3% өсім қызмет көрсету және сауда секторларының тұрақтылығы.

Бұл мегаполистердегі инвестициялық нарықтың қанығуын немесе капиталдың өңірлерге қарай ығыса бастағанын көрсетуі мүмкін.

Төмендеу аймағы: дабыл қағарлық көрсеткіштер

Төрт өңірде инвестиция белсенділігінің айтарлықтай төмендегені байқалады: Қостанай облысына қатысты индекс небәрі 55,0%. Бұл былтырмен салыстырғанда инвестицияның 45%-ға қысқарғанын білдіреді.

Себебі ірі машина жасау немесе агроөнеркәсіптік жобалардың тоқтауы немесе аяқталуы болуы мүмкін.

Шымкент қаласы: 67,4%. Үшінші мегаполисте инвестициялық белсенділік 32,6%-ға төмендеген.

Жетісу облысының индексі – 69,6%. Маңғыстау облысы: 75,4%. Мұнай секторына тәуелді өңірде капитал салымының азаюы экспорттық логистика мен шикізат бағасының құбылмалылығына байланысты болуы ықтимал.

Атырау облысы (300,9 млрд тг) 100,2% көрсеткішімен өткен жылғы деңгейде қалды. Бұл өңірдегі ірі жобалардың (мысалы, ТШО-ның болашақ кеңейю жобасы) шешуші кезеңге өткенін немесе жаңа ауқымды келісімшарттардың күтілуде екенін білдіреді.