
Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова саяси алаңға қадам басты. Өнер иесі ресми түрде «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мүшесі атанды.
«Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев әншімен арнайы кездесіп, оған партиялық билетті салтанатты түрде табыс етті.
«Ауыл» партиясы аграрлық секторды дамыту, қоғамның демократиялануы үшін саяси және экономикалық реформалардың жүзеге асырылуына көмек көрсету және ұлттық құндылықтарды қолдау бағытында жұмыс істейтін саяси ұйымдардың бірі саналады. Партия 2000 жылғы 29 наурызда құрылды. Құрамында 301 487 мүше бар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуін кешіргенін айтқан еді.