Трамп Израиль мен Ливан арасында 10 күндік бітім жарияланғанын хабарлады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: White House

АҚШ Президенті Дональд Трамп бейсенбі, 16 сәуір күні Израиль мен Ливан басшыларының телефон арқылы сөйлесу барысында бейсенбіден жұмаға қараған түннен бастап оқ атуды тоқтатуға келіскенін мәлімдеді.

«Ливанның құрметті Президенті Жозеф Аунмен және Израиль Премьер-министрі Биби Нетаньяхумен тамаша сөйлестім. Бұл екі лидер өз елдері арасындағы БЕЙБІТШІЛІККЕ қол жеткізу үшін ресми түрде 10 күндік ОҚ АТУДЫ ТОҚТАТУ режимін жариялауға келісті», — деп жазды Трамп өзінің Truth Social желісіндегі парақшасында.

Бітім АҚШ-тың шығыс жағалауы уақытымен сағат 17:00-де (жергілікті уақыт бойынша түн ортасында) күшіне енеді. Трамп сейсенбі күні АҚШ-та соңғы 34 жылда алғаш рет Израиль мен Ливан өкілдері арасында ресми келіссөздер өткенін еске салды.

Трамп жақын арада Жозеф Аун мен Биньямин Нетаньяхуды Ақ үйге шақыратынын айтты.

Ливандағы оқ атуды тоқтату – Иранның АҚШ-пен келіссөздері барысында қойған басты талаптарының бірі болды. Айта кетейік, бұл келіссөздер өткен демалыс күндері Пәкістан астанасы Исламабадта басталған, бірақ алғашқы кездесу ешқандай нәтиже бермеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз