«Дәріхана» кейпіндегі қылмыс: Оралда психоактивті дәрілерді заңсыз сатқандар ұсталды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Топтың 1 миллиард теңгеге жуық заңсыз айналымы болған / Фото: Shutterstock

Батыс Қазақстанда 1 миллиард теңгеге жуық заңсыз айналымы бар қылмыстық топтың жолы кесілді. Өздерін заңды дәріхана ретінде көрсеткен қылмыскерлер психоактивті дәрілерді жастар арасында жасырын сатып, облыста «дәріхана нашақорларының» өршуіне себеп болған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлайды.

Олардың негізгі тұтынушылары 18 бен 25 жас аралығындағы жастар болған. Тұтынушылардың арасында бұрын сотталғандармен қатар, мұндай заттарды алғаш рет қолданып көргендер де бар.

Есірткі заттары тәркіленді

Жедел-тергеу шаралары барысында қылмыстық схема толықтай әшкереленді. Заңсыз айналымнан мынадай заттар алынды:

  • Ірі көлемдегі дәрілік препараттар;
  • Есірткі заттары мен оқ-дәрілер;
  • Қомақты көлемдегі қолма-қол ақша.

Сонымен қатар, топ мүшелерінің тыйым салынған өсімдіктерді де заңсыз өсіргені белгілі болды. Алдын ала есеп бойынша, бұл қылмыстық топтың қаржы айналымы шамамен 1 млрд теңгені құраған.

Қазір 11 күдікті анықталып, оның ішінде топтың негізгі 6 мүшесі қамауға алынды.

Бұған дейін Аса ауыр қылмыс жасаған күдікті бес жылдан кейін ұсталғаны хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз