Air Astana-ның бұрынғы басшысы Питер Фостер Қазақстаннан көшіп кетті

Жиырма жылдан астам уақыт Air Astana әуе компаниясын басқарған Питер Фостер отбасымен бірге Қазақстаннан кетті. Бірақ топ-менеджер директорлар кеңесінің аға кеңесшісі қызметін атқара береді.
Фостермен қоштасу
Бір күн бұрын Фостер отбасы Алматыдағы үйінде қоштасу кешін өткізді. Бұл туралы топ-менеджердің үйіне қонаққа барған кәсіпкер Арманжан Байтасов әлеуметтік желіге жазды.
«Питер мен Татьяна Фостер жақын достарды үйіне Farewell party-ге шақырды. Олар ертең таңертең ерте ұшып кететінін қабылдау қиын. Бірақ Питер Қазақстанға жиі келіп тұруға уәде берді», – деп жазды Байтасов.
Айта кетейік, сәуірдің басында Фостер әуе компаниясындағы әріптестерімен де қоштасқан. 2026 жылғы 1 сәуірден бастап Air Astana бас атқарушы директоры қызметіне түрік азаматы Ибрагим Жанлыел кіріскен.
Қызметі бар
Фостер басшысы қызметінен түсіп қалғанымен, компаниядан кеткен жоқ. Ол 1 сәуірден бастап Директорлар кеңесінің аға кеңесшісі болып тағайындалды. Бірақ ол осы кеңеске мүше емес.
Питер Фостер Ұлыбритания азаматы. Ол Air Astana әуе компаниясының басшылығына 2005 жылғы қазанда келіп, осы қызметте 2026 жылғы сәуірге дейін отырды.