Қазақстанның солтүстігінде орман өртенді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
орман өрті
Орман өрті. Көрнекі сурет / фото: shutterstock

Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданына қарасты Жаңалық ауылының маңында тұтанған өрт орман шаруашылығына таралды. Төтенше жағдайлар министрлігі тілсіз жаудың 7,7 гектар жерге таралғанын хабарлады.

Құтқарушылар мәліметінше, ормандағы өрт жылдам таралған. Оны сөндіру екпінді жел салдарынан қиындаған.

Оқиға орнында штаб құрылып, өрт сөндіруге жергілікті құтқарушылар, орман шаруашылығының қызметкерлері, атқарушы органдардың өкілдері және еріктілер жұмылдырылды. Дағдарыс орталығында бейнеконференция ұйымдастырылды.

Барлық қызметтердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрт сөндірілді. Ормандағы өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы 12 сәуірде Астанада 21 қабатты тұрғын үйде өрт шығып, үш бала қайтыс болған.

Сондай-ақ оқыңыз