Ақтөбеде көлік жүргізу құқығынан айырылған адам «Нивамен» қыдырған

Жарияланды (жаңартылды )
​​General news бөлімінің тілшісі
Ақтөбеде 7 жылға құқығынан айырылған мас жүргізуші «Нивамен» қыдырған / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Ақтөбеде көлік жүргізуге жеті жылдық тыйым салынғанына қарамастан, рөлге мас күйінде отырған жүргізуші ұсталды. Өңірлік полиция департаменті тәртіп бұзушыны ұстау сәтінің кадрлармен бөлісті.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға Бөкенбай батыр көшесінде болған. Патрульдік полиция жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін «ВАЗ 21213» (Нива) автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде жүргізушіден алкоголь ішкен белгілер байқалып, оны медициналық куәландыру нәтижесі де растады.

Белгілі болғандай, 35 жастағы ер адам бұған дейін де осындай заң бұзушылық үшін жауапқа тартылған. 2024 жылы сот оны көлік құралын басқару құқығынан жеті жылға айырған.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды», – деп хабарлады департамент өкілдері.

Полиция мұндай жағдайлардың жол қозғалысына қатысушылардың барлығына нақты қауіп төндіретінін және ең өрескел жол ережесін бұзушылықтардың қатарында қала беретінін баса айтты.

Жыл басынан бері өңірде мас 364 жүргізуші және құқығынан айырылса да, қайтадан рөлге отырған 211 адам анықталды.

Сондай-ақ оқыңыз