Біліктілік тестілеуінен өтпей қалған педагогтер не істейді

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
Тестілеуден өтпей қалған педагогтерге қандай мүмкіндік қарастырылған
Тестілеуден өтпей қалған педагогтерге қандай мүмкіндік қарастырылған/фото: kursiv.kz

Ақпан айында міндетті пәндік тестілеуден өтіп, шекті балл жинаған және портфолиосын белгіленген талаптарға сай қалыптастырған педагогтер 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қосымша ақы ала бастайды. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Қуанышқызы айтты.

Тестілеуден өте алмай қалған педагогтер не істейді?

Ақпан айындағы тестілеуден шекті балға жете алмай қалған, бірақ портфолиосы талаптарға сәйкес келетін педагогтерге шілде айында қайта тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі.

Егер қайта тестілеу нәтижесінде де шекті балл жинай алмаса, онда оған өтініш берген тиісті біліктілік санаты берілмейді. Сонымен қатар олар 1 қыркүйектен бастап енгізілетін пилоттық режимдегі аттестаттаудың жаңа моделіне қатыса алмайды.

Бірінші тестілеуден өте алмаған педагогтерге шілде айында өз еркімен қайта тест тапсыруға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ олар шілде айындағы тестілеуге қатысқысы келмесе, онда 2026 жылдың қыркүйек айынан бастап пилоттық режимдегі аттестаттаудың жаңа моделі шеңберінде аттестаттауға қатыса алады.

Яғни ақпан айында біліктілік тестілеуінен (ОЗП) шекті балл жинай алмаған педагогтер үшін екі мүмкіндік қарастырылған:

– шілде айында қайта тапсыру;
– немесе жаңа пилоттық режимдегі аттестаттауға қатысу.

Бұл ретте шілде айында тестілеуге қатысып, қайтадан шекті нәтижеге қол жеткізе алмаған педагогтер пилоттық жобадағы аттестаттауға қатыса алмайды.

Пилоттық режимдегі аттестаттау жаңа моделі қандай?

2026 жылғы жаңа модель ұстаздардың артық жүктемесін қысқартып, олардың білім беру және тәрбие жұмысына басымдық береді.

Осылайша педагог қызметі енді тек академиялық көрсеткіштермен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасын қалыптастыруға қосқан нақты үлесі арқылы бағаланатын болады.

Бұған дейін педагогтер міндетті пәндік білімді бағалауға арналған тестілеуден босатылғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз