Lifestyle

Мұхтар Шаханов Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленеді

Стала известная последняя воля поэта и общественного деятеля Мухтара Шаханова
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі / бильд-редактор: Дастан Шанай

Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановпен қоштасу және жерлеу рәсімдері қайда өтетіні белгілі болды. Қаралы жиын мен ақтық сапарға шығарып салу шаралары 21 сәуір күні Алматы қаласында ұйымдастырылады.

Қоштасу рәсімі

Ақынмен ресми қоштасу рәсімі ертең, 21 сәуір күні сағат 09:00-де өтеді. Тұлғаны соңғы сапарға шығарып салуға ниетті жандар мен зиялы қауым өкілдері қаралы жиынға қатыса алады.

Өтетін орны: Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры (Қабанбай батыр көшесі, 110).

Жерлеу рәсімі

Қоштасу рәсімінен кейін, сағат 11:30-да жерлеуі жоспарланған. Ақынның денесі Алматыдағы «Кеңсай-2» зиратында жерленеді.

Мұхтар Шаханов қазақ рухының асқар шыңы, Желтоқсан шындығы мен мемлекеттік тілдің шын жанашыры ретінде халық жадында мәңгі қалды.

Бұған дейін, ақынның жары Ханшайым Шаханова президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдап, Арыстанбаб кесенесінде жерлеуін сұраған еді.