Қазақ тазысы мен төбеті күні атап өтіледі

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Тазы
фото: ашық дереккөзден

Енді жыл сайын 3 қыркүйекте «Қазақ тазысы мен төбеті күні» атап өтіледі. Үкімет 2026 жылғы 15 сәуірде қаулы шығарып, Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін толықтырды.

Қаулы ресми түрде осы жылдың 28 сәуірінен бастап күшіне енеді.

Жаңа мерекелік датаны былтыр Экология министрлігі арнайы ұсынған еді.

Тазыға мереке не үшін керек?

Бастама ұлттық құндылықтарды дәріптеу және асыл тұқымды иттерді қорғау мақсатында енгізіліп отыр.

Тазы – әлемдегі ең жүйрік иттердің бірі. Дене бітімі өте сымбатты, жеңіл әрі шымыр келеді. Ол тек аңшы ит қана емес, көшпенділер мәдениетінің ажырамас бөлігі, тазалық пен тектіліктің символы ретінде саналады.

2024 жылы Халықаралық кинологтар федерациясы (FCI) қазақы тазыны ресми түрде алдын ала танылған ит тұқымы деп мойындады.

Ал осы жылы көктемде режиссер Қанат Бейсекеев «Тазы» деректі фильмін жарыққа шығарды.

Сондай-ақ оқыңыз