Қырғызстан президенті Мұхтар Шахановтың қазасына көңіл айтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жапаров успокоил кыргызстанцев после отставки Ташиева
Садыр Жапаров Мұхтар Шахановтың қазасына көңіл айтты / фото: Ынтымак Ордо

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас қазақ халқына көрнекті ақын, драматург әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың өмірден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қырғыз елінің басшысы қаралы хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Жеделхатта Мұхтар Шахановтың бүкіл түркі әлемі, соның ішінде қырғыз ағайындар үшін де орны бөлек тұлға екені ерекше аталған.

Қырғыз халқының шынайы досы

Садыр Жапаров жеделхатында Мұхтар Шаханов екі ел арасындағы рухани алтын көпір болғанын тілге тиек етті.

«Қазақтың ұлы перзенті, Қырғызстанның Халық ақыны, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы тұңғыш Елшісі, Шыңғыс Айтматовтың және қырғыз халқының адал досы Мұхтар Шаханов дүние салды деген суыт хабарды қайғырып қабылдадым», – делінген жеделхат мәтінінде.

Дипломатия мен руханияттағы қолтаңбасы

Мұхтар Шаханов тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанның Қырғызстандағы Елшісі қызметін атқарып, екіжақты дипломатиялық қарым-қатынастың іргетасын қалауға зор үлес қосты. Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі жазушы Шыңғыс Айтматовпен достығы рухани әлемде «ғасыр достығы» ретінде бағаланып, олардың бірлескен еңбектері қырғыз оқырмандарының да сүйікті туындыларына айналды.

Қырғыз Президенті ақынның қазасы бауырлас екі ел үшін де ортақ шығын екенін жеткізіп, марқұмның отбасына, жақындарына және барша қазақ халқына төзімділік тіледі.

19 сәуір күні Халық жазушысы Мұхтар Шаханов 84 жасына қараған шағында өмірден өтті. Ақынмен қоштасу мен жерлеу рәсімі 21 сәуір күні Алматыда өтетін болды.

Сондай-ақ оқыңыз