Қазақстан ең бақытты елдер рейтингінде 33-орында тұр

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер арасында 33-орынға ие болды. World Happiness Report 2026 есебінде көрсетілгендей, Қазақстан жаһандық бақыт индексі рейтингінде позициясын айтарлықтай жақсартқан.
Қазақстан дамыған елдерді артта қалдырды
Аймақтық деңгейде Қазақстан Орталық Азия мен ТМД елдері арасында көш бастады. Соңғы бір жылда мемлекет өз позициясын айтарлықтай жақсартып, бірден 10 сатыға көтерілді. Мұндай өсім халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатының жақсарғанын көрсетеді.
Зерттеу деректеріне сәйкес, Қазақстан бақыт деңгейі бойынша бірқатар дамыған елдерді де артта қалдырған. Индекс экономикалық тұрақтылық, әлеуметтік қолдау деңгейі және азаматтардың болашаққа деген сенімі сынды негізгі факторларға сүйене отырып есептеледі.
Қазақстандықтардың өмірі жақсарды ма
Сарапшылардың пікірінше, көрсеткіштің жоғарылауы өмір сапасының жақсарғанын және халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайға деген сенімінің артқанын білдіреді.
Бақыт индексі – тек табыс деңгейін ғана емес, сонымен қатар адамдардың өмірді жалпы қабылдауын да қамтитын кешенді көрсеткіш.
Сондай-ақ, World Happiness Report зерттеуіне сәйкес, Қазақстан 2025 жылы қайырымдылық жасау рейтингінде 29-орында тұр. Бұл – 139 ел ішіндегі көрсеткіш. Сауалнамаға қатысқандардың 49,7%-ы ақшалай немесе басқа да жолмен қайырымдылық жасаған.