Алматы халқы ақын Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсіміне жиналды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Business News бөлімінің тілшісі
Мұхтар Шахановпен қоштасу
Халық жазушысымен қоштасу рәсімі / фото: Kursiv.Media, Рауан Мутаир

21 сәуірде таңертең Алматы жұртшылығы ақын Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсіміне жиналды. Азалы жиын Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтіп жатыр.

Марқұмның денесі театр сахнасының төріне қойылды. Оның үстіне жасыл кілем жабылған. Сахнаға ақынның бір шумақ өлеңі жазылған:

«Біз шыққан тау – шындық тауы,

Барлық таудан биік тау!»

Алматы қаласындағы қоштасу рәсімінен соң ақынның денесін Түркістан облысына әкетеді. Марқұм Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесінен 800 метрдей қашықтықта орналасқан қорымға жерленеді. Сол жерге үлкен кесене тұрғызылады.

Естеріңізге сала кетейік, халық жазушысы Мұхтар Шаханов 2026 жылғы 19 сәуірде, 84 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Ол қазақ әдебиетіне қалдырған мұрасымен ғана емес,  ұлт мүддесі мен демократия құндылықтарын қорғаушысы ретінде тарихқа енді.

Сондай-ақ оқыңыз