Алматы маңында жер үйде жарылыс болып, төрт адам зардап шекті

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Взрыв 10-литрового баллона едва не сжег дом вместе с людьми в Аксу
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысы Екпінді ауылында жеке үйде газ жарылысы болып, үш бала мен оның анасы зардап шекті. Қазір олар ауыр жарақат алып, ауруханада жатыр деп хабарлады КТК арнасы.

Үй иесінің айтуынша, таңертең ұлы газға шәйнек қоюға тырысады. Жасөспірім сіріңкені жағып, газды қосқан кезде қатты жарылыс болады.

Жарылыстың күшті болғаны соншалық үй орнында тек іргетасы ғана қалды. Қабырғалар мен шатырды түгелдей ұшырып әкеткен. Ауыл тұрғындары үйінділерді тазалап, кірпіш пен ағаш қалдықтарын жинап алды.

44 жастағы әйел мен оның үш баласы ауруханаға бас-ми жарақатымен, сүйек сынықтарымен және ауыр күйіктермен түскен. Үлкен ұлы 17 жаста, кенжесі 10 жаста. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр.

Газ компаниясының мәліметінше, жер астындағы құбырда газдың ағып кетуі тіркелген. Алайда жағдай апатқа нақты себеп болған-болмағаны әзірге белгісіз.

Оқиғадан кейін Екпінді ауылының тұрғындары қауіпсіздігіне алаңдап отыр. Олардың айтуынша, газ құбырында ақау болуы мүмкін және мұндай жағдайдың қайталанбайтынына ешкім кепілдік бере алмайды.

Сондай-ақ оқыңыз