Lifestyle

Мұхтар Шахановты ақтық спарға шығарып салуға Димаш Құдайберген де келді (видео)

коллаж: kursiv.media

Бүгін 21 сәуір күні Алматыда қазақ әдебиетінің абызы, халық ақыны Мұхтар Шахановты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Қазақ руханиятының қара шаңырағында өткен бұл қаралы жиынға ел мақтанышы, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген арнайы келіп қатысты.

Қоштасу рәсімі барысында Димаш ақынның отбасы мен жақындарына барып, қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты. Димаштың бұл қадамы әлеуметтік желі қолданушылары мен жиналған қауымның ризашылығын тудырды.

«Өнер иесінің нағыз азаматтық бейнесі – осындай сәттерде білінеді» деген пікірлер жазылып жатыр.

Айта кетерлік жайт, Димаш Құдайберген 19 сәуір күні ғана Венгрия астанасы Будапешт қаласында өнер көрсеткен еді. Еуропа төріндегі кезекті жеңісінен кейін әнші елге орала сала, аяулы ақынның қоштасу рәсіміне келді.

Алматы халқы ақынды ақтық сапарға шығарып салды. Енді ертең 22 сәуір күні Мұхтар Шаханов өзінің туған жері Түркістан облысы, Отырар ауданында жерленеді.