Энергетика министрі Ақкенженов мұнай бағасына болжам жасады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
мұнайшы
Мұнай бағасына әлемдегі геосаяси өзгерістер әсер етіп жатыр / фото: shutterstock

Қазақстан энергетика министрі Ерлан Ақкенженов әлемдегі мұнай бағасына қатысты пікір білдірді. Шенеунік Baige News басылымының Trend Talk подкастына қатысты.

Министр әлемдегі шикізат бағасына геосаяси өзгерістер ғана емес, соның төңірегіндегі түрлі ақпараттар да әсер ететінін ескертті.

«Бағаны дөп басып айту қиын. Мүмкін де емес шығар. Таңертең Reuters пен Bloomberg жаңалықтарын оқимын. Әр ақпарат бағаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін», – деп есептейді министр.

Brent маркалы мұнайдың бір баррелі бір аптадан бері 95 доллар шамасында тұрса, Ақкенженов шикізаттың нарықтағы шынайы бағасы одан әлдеқайда жоғары екеніне тоқталды.

«95 доллар – reference price (базалық мөлшері). Ал мұнайдың шынайы бағасы – 110-115 доллардан жоғары», – деп түсіндірді қазақ министрі.

21 сәуірде таңертең сағат 08:50-дегі мәлімет бойынша, Brent маркалы мұнай әлем нарығында 95,01 доллардан саудаланып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз