«Қайрат» – «Елімай» матчының билеттері сатылымға шықты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
коллаж: kursiv.media

26 сәуір күні Қазақстан Премьер-лигасының көш басында келе жатқан, әлі жеңіліс дәмін татпаған екі ұжым «Қайрат» пен «Елімай» кездеседі. Алматының Орталық стадионында өтетін бұл ойынның билеттері сатылымға шықты.

Билеттерді қайдан және қалай алуға болады?

Жанкүйерлер арасындағы сұраныстың жоғары болуына байланысты, билеттерді онлайн форматта алдын ала сатып алу ұсынылады. Билеттерді Qairat SuperApp – клубтың ресми қосымшасы және Freedom SuperApp арқылы алуға болады.

Стадионда кезекте тұрып қалмау және матчтың алғашқы минуттарын өткізіп алмау үшін ұйымдастырушылар жанкүйерлерді ойын басталғанға дейін 2-3 сағат бұрын келуді ұсынады.

Жеңіліссіз серия

Бұл кездесу қос ұжым үшінде маңызды болмақ. 6 турдан кейін командалардың жағдайы:

  • «Қайрат»: 14 ұпаймен көш басында (4 жеңіс, 2 тең ойын).
  • «Елімай»: 12 ұпаймен үздік үштікте (3 жеңіс, 3 тең ойын).

Екі команда да биылғы біріншілікте әлі бірде-бір рет жеңілген жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Семей мен Қызылордадағы стадиондарында УЕФА өкілдері тексеріс жүргізетіні туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз