Қазақстандағы екінші АЭС «Мойынқұм» деп аталуы мүмкін

Қазақстанда салынатын екінші атом электр станциясы «Мойынқұм» деп аталуы мүмкін. Бұл туралы Ақорда кулуарында Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты.
«Әзірге екінші АЭС-ті жұмыс барысында «Мойынқұм» деп атадық. Бұл станция да қуаттылығы 1200 МВт құрайтын екі блоктан тұрады. Серіктестермен болашақ вендорды анықтауға қатысты келіссөз жүргізіп жатырмыз», – деді агенттік төрағасы.
Екінші АЭС-тің қайда салынатыны әлі нақтыланбаған. Әзірге үш аймақ қарастырылып жатыр.
Қазақстанда 2025 жылға дейін кемі үш АЭС салынбақ. Жақында Қасым-Жомарт Тоқаев атом энергетикасын дамыту жөніндегі стратегияға қол қойды.
Қазақстандағы алғашқы АЭС Үлкен ауылы маңында салынады. Ол «Балқаш» деп аталатын болды. АЭС құрылысы 10-12 жылға созылуы мүмкін. Қазір Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңында инженерлік ізденіс жұмысы жүріп жатыр.