Lifestyle

«Сатқын»: Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбекованың мәлімдемесіне жауап берді

Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбекованың мәлімдемесіне жауап берді / коллаж: kursiv.media

КешYOU тобының бұрынғы әншісі Мөлдір Әуелбекова мен продюсер Баян Алагөзова арасында тағы да дау туды.

Мөлдір Әуелбекова өзінің Instagram парақшасында алдағы 29 мамырға жоспарланған «КешYOU» тобының мерейтойлық концертіне қатыспайтынын ресми түрде мәлімдеді. Әнші шешімін біржақты қабылдағанын жеткізген. Көп ұзамай жаналық Баян Алагөзованың ашуына тиді.

Бетіме түкірді

Продюсер бұрынғы шәкіртінің әрекетін «өзіне және атқарылған еңбекке түкіру» деп бағалады. Баян Мақсатқызы өзінің сторисінде эмоцияға толы жазба қалдырып, тіпті Мөлдірдің шынайы бейнесін ашатын фильм түсіруге дайын екенін айтты.

«Бұдан былай маған және сен үшін жасаған барлық еңбегіме түкіруіңе жол бермеймін. Оның неліктен сатқын екенін айтатын уақыт келген сияқты», – деп жазды Баян Алагөзова.

Сонымен қатар продюсер халық арасында үлкен талқыға түскен «КешYOU» туралы фильмнің үшінші бөлімін шығаруы мүмкін екенін меңзеді. Оның айтуынша, бұл бөлімде Мөлдір Әуелбекованың топтан кетуі мен продюсермен қарым-қатынасының көлеңкелі тұстары ашылмақ.

Бұған дейін, КешYou-дің тағы бір экс-әншісі Балжан Бидаш та өзіне қатысты қауесеттерге жауап берген еді.